Жедел желі
Ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ету және іскерлік әдеп қағидаттарын сақтау мақсатында «ҚазАзот» АҚ-ында Жедел желі жұмыс істейді.
Жедел желі қызметкерлерден және өзге де мүдделі тұлғалардан ішкі нормативтік құжаттардың, заңнама нормаларының, корпоративтік әдеп-қағидаттарының бұзылуы, сондай-ақ қарауды және тиісті әрекет етуді талап ететін өзге де жағдайлар бойынша өтініштерді қабылдауға арналған.
Жедел желісінің жұмыс істеу тәртібі, өтініштерді беру және қарау шарттары келесі құжатпен реттеледі:
– Жедел желі туралы ереже (гиперсілтеме)
Жедел желі арқылы Сіз мыналарды жолдай аласыз:
- өтініштер мен шағымдар;
- Компания қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар;
- ішкі регламенттердің бұзылуы туралы хабарламалар;
- сыбайлас жемқорлық, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану және өзге де құқық бұзушылықтар фактілері туралы ақпарат.
📞 Сенім телефонының нөмірі: +7 (771) 221 3325
📲 WhatsApp чат
📲 Telegram чат
📧 hotline@kazazot.kz
📝 Өтінім онлайн-формасы
Өтініш берушілерге «ҚазАзот» АҚ кепілдік береді:
- алынған ақпараттың құпиялылығын;
- өтініштің белгіленген мерзімде қаралуын;
- бұзушылықтар туралы адал хабарлаған тұлғаларды қудалауға жол бермеуді;
- өтінішті анонимді түрде беру мүмкіндігін.
Өтініштерді қарау тәртібі:
1.Барлық өтініштер тіркеуден өтеді.
2.Өтініш жауапты құрылымдық бөлімшеге жолданады.
3.Қарау мерзімі – бір айға дейін.
4.Қажет болған жағдайда өтініш берушіге кері байланыс ұсынылады.
Жұмыс тәртібі
Қоңырауларды қабылдау: Дүйсенбі–Жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Онлайн-өтініштер тәулік бойы қабылданады.
Назар аударыңыз!
Жедел желі келесі мақсаттарға арналмаған:
- коммерциялық ұсыныстар;
- жарнамалық таратылымдар;
- компания қызметіне қатысы жоқ өтініштер.
Компания қызметінің жалпы мәселелері бойынша негізгі қабылдау нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.