Біздің аммиак және аммиак селитрасы өндірісіміз - бұл:

Маңғыстау облысындағы табиғи газ кенорны

Ақтау қаласындағы біздің зауытымыздағы өндірістің күрделі көп сатылы жүйесі

Өндірістік үдерістерді дамыту және жаңғырту инвестициялық жобалары

Перспективтік химиялық зерттеулер

Өндіріс үдерісі барысындағы қоршаған орта туралы қамқорлық
Бәрі табиғи газ шығарудан басталады
Өндіріс инвестициялық жобалар
«Жыл сайын біз кірістің бір бөлігін өндірісті жаңғыртуға, технологияларды жетілдіруге, сондай-ақ өнімдеріміздің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға инвестициялаймыз. Соңғы жылдары «КазАзот» АҚ өндірісін жаңғырту бойынша бірқатар ауқымды инвестициялық жобаларды іске асырдық. Бұл жобалар ерекше назар аударуға лайық және олардың толық сипаттамасы сайтта жарияланған. Сонымен қатар, біз ескірген жылу алмастырғыштар мен тоңазытқыш жабдықтарды ауыстырып, бастапқы риформинг пеші мен аммиакты синтездеу бағанасын қалпына келтірдік, сондай-ақ әлсіз азот қышқылы өндірісінің 7-ші және 8-ші агрегаттарын іске қостық.»
КазАзоттың перспективалық агрохимиялық зерттеулері
Минералдық тыңайтқыштардың Қазақстандағы әртүрлі ауылшаруашылық дақылдарының шығымдылығына әсерін талдауға және өсімдіктердің дұрыс минералдық қоректену жүйесін жасақтауға және химиялық өндірістің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған.
Біздің өндіріс туралы 4 маңызды факт:

Өндіріс технологиялары жыл сайын жетілдірілуде. Кәсіпорын өнім сапасын жақсарту мен өндірістік қуаттарды дамытуға ерекше назар аудара отырып, тұрақты зерттеулер мен талдау жұмыстарын жүргізеді.

Газды жеке меншік өндіру өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Енді зауыт құрамында бүкіл өндірістік циклді өз энергиясымен қамтамасыз ету үшін жеке электр станциясы да жұмыс істейді.

Қоршаған ортаға химиялық әсер ету қатаң бақылауда ұсталады. Жаңа технологиялар химиялық өндірістің табиғат пен адамдар үшін қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекті қорғау талаптары қатаң сақталады. Біздің басты құндылығымыз – адамдар. Біз ұжымның қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше мән береміз.