Дербес деректерді өңдеуге арналған келісім
Дербес деректерді өңдеуге келісім беру
KazAzot сайтында нысанды толтыра отырып, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес KazAzot сайтының әкімшісіне дербес деректерімді өңдеуге, сақтауға және Интернет арқылы үшінші тұлғаларға беруге келісімімді беремін. Мен өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ете отырып, осындай келісім беретінімді растаймын. Менің дербес деректерімді беру мақсатым – kazazot.kz сайтының әкімшісімен байланыс орнату, соның ішінде сайтты пайдалану және қызметтерді көрсетуге қатысты хабарламалар мен сұраныстарды жіберу. Осы арқылы мен берген дербес деректерге, оның ішінде оның толықтығына, дәлдігіне, бір мәнділігіне және маған тікелей қатыстылығына дербес және толық жауапты екенімді мойындаймын және растаймын. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес құқықтармен және міндеттерімен, оның ішінде дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді қайтарып алу тәртібімен таныс екенімді растаймын.
Деректерді өңдеуге қатысты саясат
Осымен, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңына сәйкес KazAzot компаниясының дербес деректерді өңдеуге: жинауға, жүйелеуге, жинақтауға, сақтауға, нақтылауға (жаңартуға, өзгертуге), пайдалануға, тек сіздің атыңызға бағдарламалық жасақтаманы сату мақсатында беруге, төменде сипатталғандай, бұғаттауға, дербес іс әрекеттегі дербестікті айыруға, жоюға келісіміңізді растайсыз.
KazAzot компаниясы алынған ақпараттың құпиялылығына кепілдік береді. Дербес деректерді өңдеу KazAzot компаниясы міндетті деп қабылдаған тапсырыстарды, шарттарды және басқа да міндеттемелерді тиімді орындау мақсатында жүзеге асырылады.
Бағдарламалық құралды өз атыңызға тіркеу үшін құқық иесіне, дистрибьюторға немесе бағдарламалық қамсыздандырудың қайта сатушысына дербес деректеріңізді беру қажет болса, сіз дербес деректеріңізді беруге келісесіз. KazAzot компаниясы бағдарламалық жасақтаманың құқық иеленушісі, дистрибьюторы немесе қайта сатушысы дербес деректерді Дербес деректердің құпиялылық саясатында көрсетілген шарттарға ұқсас шарттармен қорғайтынына кепілдік береді.
Бұл келісім келесі дербес деректерге қолданылады: тегі, аты және әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайы, тапсырыстарды жеткізуге арналған пошталық мекенжай, байланыс телефоны, төлем деректері. Келісімнің қолданылу мерзімі шектеусіз. Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 130000, 6-өнеркәсіптік аймақ, 150 ғимарат, «Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді қайтарып алу» деген белгімен мына мекенжайға жазбаша хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта осы келісімнен бас тарта аласыз.
Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді қайтарып алу kazazot.kz сайтындағы тіркеулік жазбаңызды (учетная запись) жоюға, сондай-ақ KazAzot компаниясының дербес деректерді өңдеу жүйелерінде сіздің дербес деректеріңіз бар жазбаларды жоюға әкеп соғатынын ескеріңіз, бұл KazAzot компаниясының интернет қызметтерін пайдалану мүмкін болмайтындығын көрсетеді.
Мен ұсынатын ақпараттың толық, дұрыс және сенімді екендігіне және ақпаратты беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, үшінші тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзбайтынына кепілдік беремін. Берілген барлық өзіме қатысты мәліметтерді жеке өзім толтырдым.
Бұл келісім, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді сақтаудың бүкіл кезеңіне жарамды.