Идеялар фабрикасы
«КазАзот» АҚ «Идеялар фабрикасы» жобасын іске қосуда. Бұл жоба әрбір қызметкерге өндірісті жақсартуға және компанияға пайда әкелуге мүмкіндік береді. Себебі жұмыс процесінің тиімділігін арттыру жолдарын сол процестердің ішінде жүрген қызметкерлерден артық ешкім білмейді.
Жоба аясында компанияның кез келген қызметкері – өндіріс саласында немесе өндірістен тыс жұмыс істейтініне қарамастан – өз идеяларымен компания басшылығымен бөлісе алады. Әр ұсыныс мұқият қарастырылып, назардан тыс қалмайтынына кепілдік беріледі.
«Идеялар фабрикасы» – бұл идеяңыз үшін лайықты сыйақы алудың және мансап баспалдағымен көтерілуге тамаша мүмкіндік.
Жоба бойынша сыйақы жүйесі бірнеше кезеңнен тұрады:
- Әр қабылданған идея үшін ынталандыру төлемі беріледі.
- Әр тоқсандағы үздік идея үшін арнайы бонус төленеді.
- Жылдың үздік ұсынысына бағалы сыйлық табысталады.
- Экономикалық тиімділік үшін бонус – 5 миллион теңгеге дейін.
Идеяны ұсыну өте оңай: Ұсыныс нысанын толтырып, арнайы жәшікке салыңыз. Немесе электронды түрде толтырып, fabrika@kazazot.kz электрондық поштасына жіберіңіз.
Идеялар әрдайым айналамызда. Біреудің ойына сіздегідей идея келуін күтпеңіз – қазір іске кірісіңіз!