2019 жылы «КазАзот» компаниясы өзінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті.
70-жылдардың басында Каспий маңы тау-металлургия комбинатының құрамында негізі қаланған біздің Компания ұзақ даму жолынан өтіп, ғасырлар тоғысын артта қалдырды және өз кезегінде XXI ғасырдың екінші онжылдығының соңында заманауи химиялық технологиялар мен қайталанбас командалық рухтың көрінісі болып табылатын біздің ұжымның, осы жерде еңбек ететін адамдардың бірегей үйлесімін білдіреді.
Осы жылдар бойы біз күрделі әрі жауапты өндірісте ауыл шаруашылығына қажетті минералды тыңайтқыштар шығарып келеміз. Осы уақыт ішінде біздің экспорттық логистикалық желіміз ТМД және Балтық елдерінің, сондай-ақ Шығыс Еуропа мемлекеттерінің аумағының басым бөлігін қамтыды. Біз мемлекеттік ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау бағдарламасына қатысамыз, тау-кен өндірісіне қажетті аммиак пен селитраны жеткіземіз.
Біз өз жұмысымызды сапалы орындаймыз және өндірістік процесті үнемі жетілдіріп отырамыз, өйткені клиенттеріміздің өнім сапасы мен құнына ризалықпен бізге қайта оралуы біз үшін өте маңызды.