Компания туралы

«КазАзот» АҚ - елдің азотты минералды тыңайтқыштарға қажеттілігін толық қамтамасыз етуші Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі. Кәсіпорын өзінің құрылған сәтінен бастап осы саланы өз дамуындағы басым бағыт ретінде анықтап, күш-жігерін тыңайтқыштар өндіруге бағыттады.
Кәсіпорынның басты мақсаты – нарықты қолжетімді бағадағы сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және тұрақты өндірісті сақтау. Компанияның өнімдері Қазақстан ішінде де, экспортқа да сатылады. Түйіршіктелген аммиак селитрасын және сұйық аммиакты жеткізу темір жол және теңіз арқылы жүзеге асырылады.
Зауыт аумағында аммиак, азот қышқылы, химиялық реагенттер мен жанар-жағармай сақтайтын қоймалар, сондай-ақ сыйымдылығы 10 000 тонна дайын өнім сақтайын қоймасы бар. Сонымен қатар, компанияның жалпы сыйымдылығы 4000 тоннаны құрайтын 100 бірлік теміржол цистерналарының жеке паркі бар.
«КазАзот» аммиак өндіруде жеке меншік «Шағырлы-Шөмішті» кен орнында шығатын табиғи газды пайдаланады. Кәсіпорын электр энергиясы, су сияқты энергетикалық ресурстарды және басқа да материалдарды көрші орналасқан «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-і арқылы ішінара қамтамасыз етеді, ал электр энергиясының 85 % өзінің газ поршенді электр станциясынан алады.
Өнім жеткізудің 60%-ға жуығы ішкі нарыққа тиесілі, қалғаны ТМД елдеріне және шет елдерге, соның ішінде Түркіменстанға, Украинаға, Грузияға, Ресейге, АҚШ-қа және т.б. экспортталады. Ауыл шаруашылығының жаһандық дамуына байланысты компания болашақта өтім нарықтарын кеңейтуді жоспарлап отыр.
«КазАзот» Қазақстан Республикасындағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі болып табылады.